«Астана арландары» боксшыларының миландық қарсыластарының есімдері белілі болды

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана арландары» ел сенімін ақтауға дайын. Оны боксшылар бүгін Алматыда салмақ таразылау рәсімнен кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

3-ақпанда өтетін жекпе-жекке Италияның «D&G Milano Thunder» командасы легионерлерін сайдың тасындай іріктеп алып келіпті. Сонымен Хабубулла Исмаил-Ахунов украиндық Виталий Волковпен (54 кг), Меміт Ақшалов венгриялық Миклош Варгамен (61 кг), Қанат Ислам украиндық Сергей Деревянченкомен (73 кг), Абдельхафид Беншбала франциялық Людовик Грогуамен (85 кг), ал аса Руслан Мырсатав камерундық Ромарик Нгуламен ( 91 кг) қолғап түйістіретін болды. Бұл кездесу туралы өз пікірін білдірген журналист сауалына Р. Мырсатаев - «Иншалла ертең көрсетеміз ғой», - деп қысқа, да нұсқа жауап берді. Ал команда капитаны Қанат Ислам: «Бүкіәлемдік бокс сериясында бұл маусымда чемпион болуға барлық жағдай жасалып отыр. Енді өз мықтылығымызды шаршы алаңда көрсетуіміз керек. Бәрі өз қолымызда» дейді. Бас бапкер Б. Есжанов та: «Ел бізден жеңіс күтіп отыр. Жігіттер көңілден шығып, ел үмітін ақтайтын шығар», - деген сенімін білдірді.