«Астана арландары» енді Мексика боксшыларымен күш сынасады

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - WSB додасына шыққан «Астана арланстың» қарсыласы анықталды. Біздің жігіттер енді финал жолдамасын Мексика боксшыларымен сарапқа салады, деп жазады «Аламан».

«Арландар» кеше өз алаңымызда «Аргентина кондорларын» 5:0 есебімен ұтқан еді. Мексикалықтар да өз алаңында Британия боксшыларын дәл осындай есеппен ұтып, жартылай финалға шықты. Ал бұл екі команда арасындағы алғашқы матчта 4:1 есебімен ағылшындықтар жеңіске жеткен еді.