АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық «Астана Арландары» Қытайда WSB сериясы аясында «Куба Домадорес» командасымен финалдық кездесулерін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шаршы алаңға алғашқы болып жеңіл салмақтағы боксшылар шықты. «Астана Арландары» сапынан 49 келі салмақтағы Теміртас Жүсіпов кубалық қарсыласы Дамиан Арсе Дуартемен айқасты. Теміртас бес раундтың қорытындысы бойынша 3:0 есебімен ұтып, командаластарына алғашқы ұпай әперді.
Осылайша "Астана арландары" 1:0 есебімен алға шықты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.