Роман Щегринов (61 кг) Бранимир Станковичке - 0:3 (45:49, 45:49, 45:49), Асет Айсин (73 кг) Мишель Таварестен - 0:3 (45:50, 45:50, 45:50), Айнар Карлсон (85 кг) Абдельхафиду Беншабладан - 0:3 (45:50, 45:50, 46:49), Елік Әбдраимов (54 кг) Винченцо Пикардиден - 0:3 (47:48, 47:48, 47:48) таза ұтылды. Тек соңғы кездесуде Михай Нистор ( 91 кг) Клементе Руссодан басым түсті - 2:1 (48:47, 49:46, 46:49).
Бұл жеңіліске қарамастан «Астана арландары» топтағы бірінші орындарын сақтап қалды. Естеріңізге сала кетейік, командамыз бұл сынның ширек финалына шығып қойған.
Арландарымыз келесі кездесуін 1 наурыз күні Алматыда «German Eagles» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды «Аламан».