Бұл туралы Vesti.kz «Астана арландары» клубының бас директоры Болат Манкеновке сілтеме жасап хабарлайды.
«Ия, шындығында да біз финалға дайындықты бастаған кезде аталған боксшыларға ақтық сынға құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырту жібергенбіз. Алайда, әзірше олардан жауап келген жоқ", - деген Б.Манкенов.
Бұл боксшылардан бөлек украиндық команданың шашбауын көтеруге ағайынды Кличколардың біреуі келеді деген де жорамал бар.
Еске сала кетейік, WSB-ның биылғы маусымдағы ақтық жекпе-жегінде 10-11 мамыр күндері "Астана арландары" мен "Украина атамандары" кездеседі, деп жазады Baq.kz.