АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің Кемеров қаласында елордалық «Астана арландары» «Ресей патриоттарымен» ширек финалдың алғашқы жекпе-жектерін өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі айқаста 49 келі салмақта сынға түскен Теміртас Жүсіпов пен 91 келіде сынға түскен Антон Пинчук қарсыластарына есе жіберіп алды.
Ал 56 келі салмақ дәрежесінде Ілияс Сүлейменов, 64 келі салмақта Ділмұрат Мижитов және 75 келі салмақта ел намысын қорғаған Сапарбай Айдаров қарсыластарынан ұтып, «Арландықтарға» жеңіс сыйлады. Енді, қарымта кездесу, жартылай финалға шығу үшін Қарағанды қаласында 20 мамырда өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.