Атап айтқанда, 49 келіде шаршы алаңға көтерілген Теміртас Жүсіпов қарсыласы Йосбани Вейтиадан айласын асыра алмаса, Бағдад Әлімбеков (56 келі) Маркос Форесталдан 0:3 есебімен оңбай таяқ жеді. Ал 64 келі салмақ санатында жұдырықтасқан Руслан Мәдиев Ясниер Толедодан әлсіздік танытты. Сондай-ақ Ерік Әлжановтың (75 келі) Луис Рамонға лайықты қарсылық көрсетуге шамасы жетпеді. 91 келіде ел намысын қорғаған Арбек Әбдуғаниев болса 4-раундта қарсыласы Эрисланди Савонудан техникалық нокаутпен ұтылды.
Айта кетейік, «Astana Arlans» боксшылары қорытынды кездесулерін 1 наурыз күні Алматыда «Hussars Poland» былғары қолғап шеберлеріне қарсы өткізеді.