'Астана арландары' үндістандық 'Мумбай Файтерсті' 5:0 есебімен ұтты

АЛМАТЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүкіләлемдік бокс сериясы (WBS) аясында 16 желтоқсан күні Үндістанның Мумбай қаласында өткен 'Мумбай Файтерс' пен 'Астана арландары' клубтары арасында кәсіпқой бокс матчы 0:5 есебімен аяқталды.

Болат Манкенов тізгінін қолына алған астаналықтардың бұл 2011/2012 жылғы маусымдағы ең ірі жеңісі болып отыр. Онда Хабибулла Исмайыл-Ахунов Балбир Синхты (54 кг), Ержан Мүсәпіров Дивакар Прасадты (61 кг), Абдельхафид Бенчабла Леонид Шарнабаевты (85 кг), Шуайб Булудинатпас Кришан Кумарды (91 кг) ұпай санымен, ал Мирас Байырханов Санжир-Поль Вргочты (73 кг) техникалық нокаутпен жеңді.

Бұған дейін "Астана арландары" "А" тобында өз қарсыластарынан "AD&G Milano Thunder" клубына 0:5, "Los Angeles Matadors" командасына 2:3 есебімен есе жіберіп