Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) үшінші маусымының алғашқы финалдық күнінен кейін «Astana Arlans» командасы «Ukraine Otamans» боксшыларын 3:2 есебімен ұтып жатыр. Кеше, 10 мамырда арландықтар Мейірболат Тоитов, Сергей Деревянченко және Хрвое Сеп жеңіске жетті. Олимпиадалық чемпиондар Василий Ломаченко мен Александр Усик те Украинаның ұтысқа деген үмітін сақтап қалды. Бүгін соңғы финалдық жекпе-жектер өтеді.
14:41, 11 Мамыр 2013
«Астана арландарының» бүгінгі жекпе-жектерін Ф.Фалчинелли бақылайды
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - WSB сериясындағы финалдың бүгінгі жекпе-жектерін Еуропаның бокс конфедерациясының президенті Франко Фалчинелли бақылайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Чинг-Куо Ву мәлім етті.