«Қазақстандықтардың көпшілігі спортшыларымыздың халықаралық жарыстарын көреді, әнұранымыз ойнап, көк туымыз желбірегенде қуанады. Енді жанкүйерлер мен бокссүйер қауым тұңғыш «Astana Arlans» кубогы турниріне қатыса алады. Жарыс салауатты өмір салтын насихаттау үшін, қатысушылардың спорттық шеберлігін шыңдау үшін және қайырымдылық науқаны ретінде ұйымдастырылады», - деп хабарлады «AstanaArlans» клубының баспасөз қызметі.
Турнир 13-16 желтоқсан күндері Астанадағы «Дәулет» спорт комбинатында өтеді. Оған 18 жастан асқан ер адамдар 60 келі, 65 келі, 71 келі, 77 келі, 85 келі, 91 келі және 91 келіден жоғары салмақ санаттарында қатыса алады.
Айта кетерлігі, спортшылар, спорттық жекпе-жек бойынша спорт шеберлігіне кандидат және одан да жоғары дәрежесі барлар турнирге қатыстырылмайды.
Жекпе-жек қатысушыларына жейде мен шлем беріледі. Айқас 2 минуттан 3 раундқа созылады.
Бірінші орын алған қатысушыға «Astana Arlans» кубогы, медаль және грамота беріледі. Екінші және үшінші орын алған қатысуышларға да медаль мен грамота табысталады.
Сонымен бірге, жарыс қатысушылары «Турнирдің үздік боксшысы», «Кубок пен «Astana» Президенттік кәсіпқой бокс клубының сыйлығы», «Көрермендер көзайымы» - «Astana Arlans» Кубогы, «Жеңіске деген ынтасы үшін» - «Astana Arlans» кубогы жүлделері беріледі.
Турнир қатысушыларын турнирдің құрметті қонақтары мен еліміздің танымал боксшылары марапаттайды.
Жарысқа қатысуға арналған өтінім «AstanaArlans» клубының ресми сайтында көрсетілген.