Азамат Исақұлов (52 келі) Йоэль Финолға ешқандай үміт қалдырмады - 3:0 (48:47, 48:47, 49:46), Закир Сафиуллин (60 келі) Луис Кабрераның қарсыласуының бетін қайтарды - 3:0 (50:45, 50:44, 50:45), Бекзод Халметов (69 келі) Габриэль Маэстреден күштірек болып шықты - 3:0 (48:48, 49:46, 49:46), Арман Рысбек (81 келі) Напек Корбахты шарасыз қалдырды - 3:0 (48:46, 48:46, 48:46), Қамшыбек Қоңқабаев ( 91 келі) екінші раундыда Эдгар Муньосты нокаутқа жіберді.
Сөйтіп, «Astana Arlans» екі күннің қорытындысымен 9:1 есебімен алға озды.