Еске сала кетсек, Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша тұрақты чемпионат турнирінде (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» бен пуэрторикандық «Puerto-Rico Hurricanes» клубы арасындағы кездесу 5:0 есебімен аяқталды.
Серік Сапиев спортты кеңінен насихаттау үшін жекпе-жектер еіліміздің түрлі өңірлерде өткізілетінін атап өтті. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен матчты Петропавл қаласында ұйымдастырдық. Біз әрбір жерлесіміз салауатты өмір салтын ұстануын қалаймыз», - деді Серік Сәпиев.
Оның айтуынша, «Astana Arlans» командасының келесі матчын 2 сәуірде Өскемен қаласында өткізу жоспарланып отыр.
«Astana Arlans» Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша атағы көп клубтың бірі. Қазақ командасы үш мәрте бокс сериясының ақтық мәресіне шықты. Екі рет 2013-2015 WSB чемпионы атанды.