Қазақстандықтар құрамында шаршы алаңға Мардан Берікбаев (49 келі), Мейірболат Тоитов (56 келі), Жәнібек Әжібай (64 келі), Сергей Деревянченко (75 келі), Василий Левит (91 келі) шығады.
Мексика клубы келесі құрамды ұсынды: Хосе Альберто Залета Рейес, Серхио Чирино Санчес, Кристиан Биелма, Диего де Хесус Морено Амадор және Кристиан Демай.
Сонымен, шаршы алаң төрінде атой салатын жұптар құрамы:
49 келі. Мардан Берікбаев - Хосе Альберто Залета Рейес
56 келі. Мейірболат Тоитов - Серхио Чирино Санчес
64 келі. Жәнібек Әжібай - Кристиан Биелма
75 келі. Сергей Деревянченко - Диего де Хесус Морено Амадор
91 келі. Василий Левит - Кристиан Демай.
Еске сала кетейік, «Astana Arlans» клубы Дүниежүзілік бокс сериясының қазіргі чемпионы болып табылады. Біздің боксшылардың «Mexico Guerreros-қа» қарсы кездесуі 6 желтоқсан күні Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.