«Astana arlans» өзбекстандық «Uzbek tigers» командасын 4-1 есебімен тізе бүктірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат Өскеменде Бүкіләлемдік бокс сериясының алтыншы маусымы аясындағы кездесуде «Astana arlans» өзбекстандық «Uzbek tigers» командасын 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Аса ауыр салмақтағы боксшылардың арасындағы кездесу Қамшыбек Қоңқабаев пен Мирзохиджон Абуллаевтың арасында өтті.  Тартысты өткен жекпе-жектің нәтижесінде төрешілер 3:0 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді.

Айта кетейік, 52 келі салмақ санатындағы алғашқы жекпе-жекте қазақ боксшысы Азат Махметов Ароржон Кадыровты жеңген еді. Алайда 60 келіде шаршы алаңға көтерілуі тиіс боксымыз Закир Сайфуллиннің келмей қалуына байланысты жеңіс өзбекстандық Елнур Адураймовқа берілген болатын. Одан кейін Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Махмуд Гаиповтан басым түсті. Арман Рысбекте «Uzbek tigers» командасының мүшесі Шухрат Абдуллаевқа еш мүмкіндік бермеді.

Естеріңізге сала кетейік, 27 ақпанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен матч барысында «Астана арланс» өзбек боксшыларына 4:1 есебімен есе жіберіп қойған еді.