«Astana Arlans» пен «Baku Fires» құрамына өзгерту енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалдық кездесуінде «Astana Arlans» пен «Baku Fires» командалары жұбында өзгертулер енгізілді, деп жазады Sports.kz.

Azerisport.com мәліметі бойынша, 5 салмақта жұдырық түйістіретін боксшылар былай жұпталды:

52 кг: Эльвин Мамишзаде - Ильяс Сүлейменов

60 кг: Альберт Селимов - Самат Башенов

69 кг: Евгений Рамашкевич - Манат Әмірзақов

81 кг: Михаил Долголевец - Хрвое Сеп

91 кг: Хаджи Муртузалиев - Филип Хргович.

Естеріңізге сала кетейік, «Astana Arlans» өз жерінде өткен алғашқы кездесуде әзербайжандықтардан 3:2 есебімен басым түскен.

Қарымта кездесу 3 мамыр күні Бакуде өтеді.