Сәкен Бибосынов (52 кг) Виктор Гунченкодан осал тартты - 1:2 (47:48, 47:48, 49:46), Серік Теміржановты (60 кг) Абубакар Айдамиров сәл ғана басымдықпен ұтты - 1:2 (47:48, 49:46, 47:48), Бекзод Халметов Павел Сосулинге лайықты қарсылық таныта алмады - 0:3 (45:50, 47:48, 46:49), Шаймұрат Құсайыновты Павел Силягин айқын басымдықпен жеңді - 0:3 (45:50, 46:49, 44:50), Шигабутдин Алиевпен айқасқан Нұрсұлтан Аманжолов ( 91) тең жағдайда бола тұрып, жеңісті қолдан шығарып алды.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын қазақстандық клуб«Patriot Boxing Team» командасын (5:0) және «Indian Tigers»-ті (4:1) есебімен жеңген болатын.
24 наурызда «Astana Arlans» үндістандық командамен кездеседі.