Жекпе-жекке дейін Данияр Елеусіновтің (69 кг) қарсыласы Николаус Флаз денсаулық жағдайына байланысты шаршы алаңға шықпайтыны белгілі болды.
Олжас Сәттібаев (52 кг) Ситрона Хесусқа есесін жіберіп алса (47:48, 47:48, 47:48, есеп - 0:3), Хрвое Сеп (81 кг) Жозефа Лабойді тізе бүктірді - 3:0 (50:44, 50:44, 50:44), Закир Сафиуллин (60 кг) Росарио Хоседен басым болды - 3:0 (49:45, 48:46, 48:46), Филип Хргович ( 91 кг) Медина Хосе Габриелмен жекпе-жегін мерзімінен бұрын, екінші раундта-ақ аяқтады.
18 сәуірде «Astana Arlans» «Argentina Condors» командасымен бәсекелеседі.