Мирас Жақыпов 52 келі салмақ дәрежесінде Херардо Сервантестен басым түсті - 3:0 (48:47, 48:47, 48:47), Жандос Момынов (60 келі) Хорхе Ласаро Альвареске жол беріп, 0:3 (46:49, 46:50, 45:50) есебімен жеңілді, Бақытжан Қожабеков (69 келі) Ариснойдис Диспейннен техникалық нокаутпен жеңілді, Хрвое Сеп (81 келі) Хулио Сезар Ла Крустан айласын асыра алмады, есеп - 0:3 (46:48, 46:48, 47:49), ал Филип Хргович ( 91 келі) үшінші раундта Хосе Анхель Лардуетті техникалық нокаутпен жеңді.
10 қаңтарда «Astana Arlans» Польшада «Hussars Poland» командасымен кездеседі.