«Астана Арланстың» жаңа маусымдағы қарсыластары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Женевада WSB-ның жетінші маусымы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады khabar.kz.

«А» тобы: «Аргентина Кондорс», «Куба Домадорес», «Мексико Сити Геррерос», «Венесуэла Касикес».

«B» тобы: «Марокко Атлас Лайонс», «Италия Тандер», Францияның бокс командасы, «Бритиш Лайнхартс».

«С» тобы: Ресейдің бокс командасы, «Чайна Драгонс», «Астана Арланс», «Өзбек Тайгерс».

Айта кетейік, топтар құрлық бойынша үшке бөлінді. Әр квартеттің жеңімпаздары плэй-оффқа шығады.