Astana Art Fest 2016 барша Қазақстаннан суретшілер мен дизайнерлерді жинайды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күніне арналған Astana Art Fest заманауи өнерінің екінші фестивалі 4-6 шілдеде өтеді. Өз туындыларын олар «Нұржол» желекжолы аумағында көрсетеді.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, осы жылдың негізгі тақырыбы  - «Human energy - Адам энергиясы».

 «Осы жылы фестивальға қатысатындардың басым бөлігі қазақстандықтар.   Таяу шетелден де қонақтар бар. Біздің міндетіміз - ұжымдық шығармашылық энергия үшін кеңістік құру. Қаланы желмен, күнмен толтырып, шығармашылық энергияны  Астана дамуының қозғаушы күштерінің  бірі ету. Айтқандай, фестивальға қатысушылардың жұмыстары - мүсіндер, балалар алаңдары жаз бойы «Нұрлы жол» желекжолында астана тұрғындары мен қонақтарын қуанышқа бөлейтін болады», - деген ойымен бөлісті ұйымдастырушы С. Самидин.

Ұйымдастырушылардың идеясымен Астана күні елорданың басты желекжолы ғалымдар, сәулетшілер, суретшілер, музыканттар, бишілер, әдебиетшілер тәжірибесінің шығармашылық бірлестігінен тұратын бірегей кеңістікке айналмақ.

Astana Art Fest 2016 төрт тақырыптық кеңістікті қамтиды: заманауи өнер, сәулет, дизайн, театр. Көрмеден басқа фестивальда Astana Art Forum  пікірсайыс-білім беру алаңы жұмыс істейтін болады. Онда қатысушылар дәріс, шеберлік сыныптарын жүргізеді.

Заманауи қалалық өнер фестивалі тек көңіл көтеру мерекесі емес, уақыт мәдени шаралардан қаланың, оның  шығармашылық, жасампаз энергиясын дамытуға серпін беретін өзекті жаңа идеялар күтеді», - дейді фестивальдің бас кураторы Яна Малиновская. .   

Еске салсақ, 2015 жылы Astana Art Fest фестиааліне 44 қазақстандық, 10 шетелдік шығармашылық   өкілдері қатысты. Үш күнде оған 300 мыңдай адам қатынасты.