Байқаудың директоры Гүлнәр Жүнісованың мәлімдеуінше, енді қатысушыларды қала балабақшаларында және сауда орталықтарында жұмыс істеу кезеңі күтіп тұр.
«Күндізгі табыс ота жасатуға мұқтаж мүгедек балалардың шоттарына аударылатын болады», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Биылғы жылы «Астана Аруы - 2012» байқауының ұйымдастырушылары жобаның әлеуметтік мәртебесіне үлкен назар аударды. Бұған дейін, Халықаралық қарттар күнінде байқауға қатысушы қыздар Қарттар үйіне барып, ондағы тұрғындарға теледидар сыйлады. Бойжеткендер спартакиада қатысушылары - мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау білдірді, сондай-ақ суретшілерге балалар суреті байқауында қолғабыс етті.