«Астана аруы 2013» байқауының жеңімпазы анықталды
07:25, 12 Қазан 2013
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Астанада «Астана аруы 2013» байқауының соңғы кезеңі аяқталып, басты тәжді Динара Жақажбаева иеленді.
Астана аруы тәжбен қоса байқаудың ұйымдастырушылары сыйлаған Парижде өтетін «Мекке» атты әлемдік сән көрсетіліміне жолдама алды.
Динара Жақажбаева енді «Қазақстан аруы 2013» байқауында Астананың намысын қорғайтын болады.
Онда Астана аруымен бірге бірінші вице-ару атанған Руслана Терешеня да қатысады.
Еске сала кетейік, «Астана аруы 2013» байқауы екі ай бойы өткізіліп, финалға 15 қатысушы шыққан еді.