Қала аспанына тік көтеріліп, тік қона алатын электрлі әуе көлігі — eVTOL ұшырылады. Демонстрациялық ұшу үшін бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған AutoFlight Prosperity моделі таңдалған. Ол сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшып, 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады.
Сынақ 24 шілде күні сағат 09:00–де «Қазанат» ипподромының аумағында өтеді деп жоспарланған. Алайда ұйымдастырушылар ауа райы қолайсыз болған жағдайда ұшу күні мен уақыты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Еске салайық, Қазақстанда eVTOL әуе көлігінің алғашқы демонстрациялық ұшуы 2026 жылғы 19 мамырда Алатаудағы еліміздегі алғашқы вертипорттың аумағында өткен болатын.
Сондай-ақ биыл маусым айында Қазақстанда аэротакси, eVTOL және ұшқышсыз авиацияны дамытуға құқықтық негіз қалаған заң күшіне енді.