«Астана»-«Атлетико» матчының бірінші таймында есеп ашылған жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде «Астана» өз алаңында мадридтік «Атлетико» клубына қарсы қарымта ойын көрсетуде. Бірінші тайм есебі -0:0.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қазан күні «Астана» командасы Мадридте «Атлетико» клубынан 4-0 есебімен ұтылып қалған еді.

«Астана» командасының бүгінгі құрамы: Ненад Эрич, Марин Аничич, Неманья Максимович, Фокси Кетевома, Серікжан Мұжықов, Бауыржан Жолшиевв, Бранко Илич, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Роджер Каньяс, Джуниор Кабананга.

Владимир Логиновсий, Денис Дедечко, Елдос Ахметов, Георгий Жуков, Алексей Щеткин, Игорь Пикалкин, Абзал Бейсебековтер резервтегі ойыншылар.

«Атлетико» командасының ойыншылары: Облак, Диего Годин, Гильермо Сикейра, Тьяго, Коке, Антони Гризманн, Фернандо Торрес, Габи (к), Сауль, Хуанфран, Хосе Мария Хименес.