деп хабарлады ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Актіні толтыруға ішімдікке сылқия тойып алған жолаушының полиция қызметкерлеріне мойынсұнбауы себеп болған. Әбден қызып алып, елірген жолаушыны тыныштандырмақ болған полиция қызметкерлеріне әлгі азамат қарсылық көрсеткен: полиция аға лейтенантының қолынан тістеген, ал кіші лейтенанттың погонын жұлып алған.
Нәтижесінде, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін әлгі азамат пойыздан түсіріліп алып қалынып, Астана стансасындағы желілік ішкі істер бөліміне жеткізілді. Көлік полициясы қазір тексеру жүргізіп жатыр.