Астана әуе базасында әскери қызметші жарақат алды

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы әскери авиабаза аумағында қару қолдану кезінде қауіпсіздік шарасының сақталмауы салдарынан әскери қызметші жарақат алды.

Әуе қорғанысы күштерінің мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметші дереу елорда ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер әскери қызметшінің жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

- Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр,- делінген хабарламада.

Еске салайық, елімізде сарбаздарға кредит беруге тыйым салу механизмі әзірленді.

Сондай-ақ әскери қызметшілерге ақшалай ризық төлеу қағидалары Конституцияға сәйкестендірілді.