Жөндеу аясында асфальт жабыны жаңартылып, бірқатар учаскеде уақытша шектеу енгізіледі.
Осыған байланысты әуежай аумағындағы көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ қоғамдық көлік пен такси бағыты да өзгереді.
Әуежай әкімшілігі жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, әуежайға ертерек келуді ескертеді.
— Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте Астананың екінші әуежайын салуға қай аудан қарастырылып жатқанын айтқан еді.