Астана әуежайы бүгін рейстердің ұшу кестесінде өзгеріс болу мүмкіндгін ескертті

Фото: Астана әуежайы

АСТАНА. KAZINFORM – Астана әуежайы бүгін, 25-ші наурыз күні кешкі сағат 8-ге дейін аэродромда қалың тұман болатынын ескертті.

«Құрметті, жолаушылар! Метеорологтардың ақпараты бойынша 25 наурызда елорда әуежайының әуе айлағында таңғы 08:00-ге дейін қалың тұман болады. Осы аралықта кейбір рейстердің ұшу және қону уақытына өзгеріс енуі мүмкін»,-делінген хабарламада.