Астана әуежайы рейстер кестесінде өзгеріс болуы мүмкін екенін ескертті

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Астана халықаралық әуежайы Таяу Шығыс елдеріне және сол елдер арқылы өтетін кейбір халықаралық рейстердің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін хабарлады.

Әуежай әкімшілігінің түсіндіруінше, түзетулер Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекеттердегі ахуалдың өзгеруіне байланысты енгізілген.

Жолаушыларға әуежайға барар алдында өз әуе компанияларынан рейстің нақты мәртебесін алдын ала тексеру ұсынылады.

Әуе айлағының басшылығы әуежайдың әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста екенін және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қолайсыздықтарды барынша азайту үшін жағдайды бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

Бүгін Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Air Astana 735 жолаушыны қонақүйге орналастырғаны белгілі болды.