Астана әуежайын неге су басты
22:16, 27 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін кешке әлеуметтік желіде Астана әуежайын су басқан бейнежазба тарады. Әуежайдың баспасөз қызметі жағдайдың себебін түсіндірді.
Бұған су құбырының істен шығуы себеп болған. Қазір әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
- Cағат 19:33-те халықаралық терминалдың бірінші қабатында (жалпы келу залы) нөсер суын бұру құбыры істен шықты. Ақау сағат 19:45-те жойылды. Су кету салдары жедел түрде жойылды. Рейстердің кешігуі тіркелген жоқ, - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға ескерту жасағанын жазған едік.