Жолаушылармен кездесуінде министр шамамен 03:30-да Астанадан Атырауға рейс ұйымдастырылатынын айтты.
«Атырауға ұшатын жолаушылар үшін арнайы қызметкерді бекіттік, сол қызметкер арқылы пысықтауға болады. Атыраудан жақын маңдағы қалаларға автобуспен жетуге болады, трасса ашық. Автобус жағын ұйымдастырамыз. Қазір «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» акционерлік қоғамына жолдарды тазалау туралы тапсырма бердік», - дейді министр.
Оның айтуынша, жолаушыларға қонақ үй қарастырылған жоқ, өйткені уақыт тығыз және қонақ үй мен әуежай арасында тасымалдап үлгермейді.
«Менің шешкен мәселем осы. Күтуге тура келеді. Басқа амал жоқ», - деді Марат Қарабаев.