Жақын күндері Қазақстанның кей өңірінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болып, тұман түседі.
Осы себепті Астананың халықаралық әуежайында рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.
Бүгінгі жоспарланған рейстер:
Ұшу бойынша: 79 рейс
Қону бойынша: 78 рейс
Қазіргі жағдайда қону бойынша 10 рейс кешігіп жатса, ұшып шығу бойынша 2 рейс кешігіп жатыр.
— Жолаушыларға рейстердің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты әуе компанияларынан нақтылау ұсынылады, — делінген әуежайдың хабарламасында.
Айта кетелік Теміртаудан Ақмола облысының шекарасына 590 автокөлік полиция бақылауымен өтті.