Астана әуежайында ерекше фотокөрме ашылды

Бүгін Астана халықаралық әуежайында «Жылы жүрекпен»... фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Фотокөрме Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені және «Дара» президенттік бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асты.

Іс-шараның мақсаты - қоғамға эмпатияның маңызын ұғындырып, айналадағы барша жанға құрметпен қарауға, түсініп, қорғап, қолдау көрсетуге шақыру.

Ерекше күтімдегі балалар тек ата-ананың ғана емес, қоғам мен мемлекеттің де сүйіспеншілігі мен қамқорлығына лайық. Олар білім, медициналық көмек, әлеуметтік жеңілдіктер және қолжетімді жәрдемақымен қамтамасыз етілген.

Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Қазақстандық медиа тұлғалар «Жылы жүрекпен...» көрмесін ұйымдастырушылардың игі бастамасын бір ауыздан қолдады. Осылайша, креативті индустрия өкілдері инклюзивті қоғамның маңызын, ерекше күтімдегі балалардың теңдігін, қоғамдағы құқығы мен мүмкіндіктерінің маңызын көрсетті.

Астананың әуе қақпасындағы ерекше фотокөрме 25 қазанға дейін жалғасады.

Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Фото: Kazinform