Астана әуежайындағы рейстердің кешігуі: кестедегі жаңартулар

АСТАНА. KAZINFORM — Астана халықаралық әуежайы рейстер туралы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: pixabay

Бүгін ұшуы жоспарланған 75 рейстің 4-еуі кешіктірілген, ал ұшып келетін 78 рейстің 9-ы кешігіп, 1 рейстен бас тартылды.

Әзірге Астанадан ұшатын КС642 Астана-Алматы, FS7365 Астана-Орал, DV741 Астана-Ақтау және IQ425 Астана-Қызылорда рейсері кешігіп жатыр.

— Ауа райы жағдайына байланысты рейстердің кешігуі немесе жойылуы тіркелген жоқ, — деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.

Жолаушылар рейстердің күйі және кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуе компаниясынан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталықтан ала алады.

Бұған дейін Астана әуежайында 10-нан астам рейстің кешігуі туралы хабарланған болатын.