Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: қай рейстер өзгереді

Фото: Air Astana

АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағының сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлады.

— Өзгерістер Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына, сондай-ақ Астанадан Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарына орындалатын тұрақты рейстерге әсер етеді. Өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Рейстің мәртебесін брондау секілді өзге де ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

help.airastana.com, +7 (727-24) 4-44-77, +7 (702-70) 2-44-77, +7 727 244 4478 (рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы жағдайда), +7 702 702 0074 (WhatsApp), Online чат: airastana.com.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана әуежайы 15 сәуірден бастап жұмыс кестесін өзгертетінін жазған болатынбыз.