— Өзгерістер Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына, сондай-ақ Астанадан Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарына орындалатын тұрақты рейстерге әсер етеді. Өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Рейстің мәртебесін брондау секілді өзге де ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:
help.airastana.com, 7 (727-24) 4-44-77, 7 (702-70) 2-44-77, 7 727 244 4478 (рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы жағдайда), 7 702 702 0074 (WhatsApp), Online чат: airastana.com.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана әуежайы 15 сәуірден бастап жұмыс кестесін өзгертетінін жазған болатынбыз.