«Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ауа райына байланысты ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана уақытымен 13:00-ге дейін жабылды. Жолаушыларға рейстері туралы ақпаратты әуе компанияларының колл-орталықтарынан анықтауға кеңес береміз», - деп хабарланған Комитеттің Facebook-тегі парақшасында.
10:26, 11 Қаңтар 2018
Астана әуежайы ауа райына байланысты жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығы салдарынан жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.