«2014-2016 жылдары жолаушылардың қозғалысына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою мақсатында көру, есту, сөйлеу қабілеттіліктері бойынша мүгедектігі бар адамдардың ерекшеліктерін, соның ішінде, интеллектісі мен психикасы бұзылғандардың да барын ескере келе, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған керек-жарақтар мен жайларды енгізу көзделген», - делінген хабарламада.
Ол үшін Брайль бойынша белгілер сатып алынады. Ал дәретханалардың әрқайсысы медициналық қызметкерлерді шақырту жүйесімен жабдықталады. Мұнымен қоса, рельефті жолдар, рельефті карталар мен ғимараттардың сұлбасы, жүгіртпе жолдар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың әуежай вокзалының аумағында және аэровокзалда қозғалысын ұйымдастыру сұлбасы туралы жарықты ақпарат таблосы сатып алынбақ.
Айта кетейік, 2016 жылы көмекке шақыруға мүмкіндік беретін арнайы пульті бар қондырғыны, сондай-ақ, жолаушылар терминалының ғимаратына еркін кіруі үшін әрбір кіретін есікке мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус жасалады.
Әуежайдан хабарлағандай, 2016 жылға қарай ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға рельефті жолдар мен дыбыстық хабарлаушы, ал 2014 жылға қарай лайтбокс орнатылады.
Өткен жылы әуежай арбамен жүретін 1 800 мүгедекке қызмет көрсеткен.