«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша бәсекелестік заңнаманың бұзылу фактілерін анықтады», - делінген ҚР ТМР және БҚК-нің баспасөз хабарламасында.
Әуежайдың өтпелі аймағында қоғамдық тамақтану қызметін көрсететін және тамақ өнімдерінің бөлшек саудасын іске асыратын нарық субъектілерінің бөлек топтарына тауар мен бағаларды белгілеу мен ұстап тұруға әкелген Астана қаласы әуежайының экономикалық қызметті үйлестіруінде заңбұзушылық байқалды.
Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының Қаулысымен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-на 2 млн. 121 мың теңгені құрайтын 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енбеді.