«Астана қаласындағы халықаралық әуежайға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру мәселесі жөніндегі Үкіметтің қаулысының шыққанын толықтай қолдаймыз. Бұл өте орынды шешім деп ойлаймын. Себебі мұндай мәселелер, бастамалар бұрыннан көтеріліп келе жатқан болатын. Бұл халықаралық тәжірибеде де бар. Мәселен Париж қаласында Шарль де Голл атындағы, Түркиядағы Ататүрік атындағы, Нью-Йорктағы Кенеди атындағы әуежайлар бар», - деді ол.
Оның айтуынша, еліміздің бүгінгі таңда осындай қарқынды дамуы, бүкіл әлем елдерінің үйретуші елден бізден үйренуші елге айналуы Елбасымыздың үлкен еңбегінің нәтижесі.
«Сол себептен мен мұны толығымен қолдаймын. Ал енді Астана қаласына келетін болса, елорданың халықаралық әуежайы - Елбасымыздың төл туындысы. Қазір біз тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына қарай аяқ басып келе жатқан кезде еліміздің тәуелсіздігі мен Назарбаев деген егіз ұғым екендігін айтуымыз керек. Өйткені Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мемлекеттігінің, Тәуелсіздігіміздің негізін қалады. Осы 27 жылдың көлемінде елімізді алға қарай қарыштап дамыту бағытында өзінің сара саясатымен орасан зор жұмыс атқарып келеді. Қазір біздің экономикамыз қарыштап даму үстінде. Халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түсуде. Мәселен, кеше ғана Парламент қабылдаған зейнетақы мен жәрдемақыны көбейту туралы Заңға Елбасымыз қол қойды», - деді Қуаныш Айтаханов.