Аталған өзгеріске қатысты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Этносаралық қатынастар орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы С. Сыздықов өзініңойын білдірді.
Ғалымның пайымынша, Астана қаласын еліміздің елордасы ретінде бекіту Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың шешімі еді. Сондықтан да бүгінгі таңда Астана халықаралық әуежайына Мемлекет басшысының есімін беруі орынды.
«Қазіргі уақытта көптеген шет мемлекеттерінің азаматтарынан «Қазақстан туралы не білесіз?» дегенде көбісі «Н.Назарбаев», «Астана» деп жауап береді. Осы орайда, Астана халықаралық әуежайына жаңа атау беру еліміздің имиджіне, шетелдік қонақтардың, инвесторлардың келуіне оң әсерін тигізуі хақ»,- дейді ғалым.
Сондай-ақ Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дўстлик» қауымдастығы төрағасы И.Хашимжанов жоғарыда аталған өзгеріске пікір айтудан сырт қалмады.
«Көпұлтты қазақстандықтардың - елдігі мен бірлігі, ерлігімен еңбегі сыналып, шыңдалып талай асуларды бағындырды. Бұл жетістіктеріміздің барлығы Ұлт Көшбасшысының арқасында екендігі баршамызға мәлім. Елбасымыздың ел бірлігі, жер тұтастығы, мемлекеттің қуатты да табысты болуына, халықтың болашағы мен тағдырын ойлайтыны әр бір адамдың көңілінен шығып отыр. Қазақстанды мекендеген әр алуан этнос өкілдері қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қалыптасуына өздерінің үлкен үлестерін қосуда. Астана халықаралық әуежайына «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталуы бүкіл халқымыздың құрметі»,- деді ол.
«Дўстлик» қауымдастығы төрағасы Ұлт көшбасшысы Тәуелсіз мемлекетімізді 25 жыл ішінде әлемге паш етіп қазақ халқының абыройын көтерді. Еліміздің 2050 жылға дейінгі экономикалық, саяси және рухани жаңғыруымен дамуын жаңа бағыттарын көрсетіп берді деп атап айтты.