Астана әуежайынан алты рейстің ұшырылуы кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана халықарлық әуежайынан бүгін таңертең ұшырылуы тиіс кейбір бағыттар бойынша ұшақтар рейсінің ұшу уақыты шегерілді, деп хабарланған әуежай сайтында.

Атап айтқанда, «Астана-Франкфурт» бағыты бойынша бір рейстің, «Астана-Киев» бағыты бойынша екі рейстің, ал «Астана-Алматы» бағыты бойынша үш рейстің ұшырылуы кейінге қалдырылды.