Астана әуежайында 7 рейс кешігуде

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әуежайында 7 рейс кешігіп жатыр.

Астана әуежайының сайтындағы онлайн-таблоға сәйкес, Шымкент, Үрімші, Талдықорған және Алматыға ұшатын үш рейс кешігуде. Ақтау, Үрімші және Талдықорғаннан ұшып келетін үш рейс кешігіп жатыр.

Рейстердің кешігуі 30 минуттан 3 сағатқа дейінгі уақытты құрап отыр.