Астана әуежайында автоматтандырылған ақылы автотұрақ жұмыс істей бастады

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 11 қаңтарынан Астана әуежайының вокзал алаңында жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін 378 орындық автоматтандырылған ақылы автотұрақ жұмыс істей бастады. Бұл туралы Аstana.kz сайтынан хабарланды.

Автотұраққа уақыт есептегішімен қозғалыстарды бейнеқондырғыда тіркеп отыратын автоматты жүйе орнатылған. Автотұраққа автокөлікті қойғаны үшін ақы төлеу жолаушылар терминалы ғимаратының бірінші қабатындағы кассалық аппаратта жүргізіледі. Бұдан бөлек, әуежай аумағында 130 орындық баламалы тегін автотұрақ та бар және содан бөлек қоғамдық көліктер қозғалысы бұрынғы режимде жұмыс жасауын жалғастыруда. Автотұрақта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы орындар де бөлінген.