Астана әуежайында діни мазмұндағы оқулықтар сатылатын бөлім жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІД-нің көлік полициясының қызметкерлері Астана қаласының халықаралық әуежайындағы кітаптар сататын дүңгіршектердің бірінде діни мазмұндағы оқулықтар сатылатынын анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен сауда нүктесінің иесі ҚР ӘҚБК-ның 490-бабы 3-бөлігінде қарастырылған заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен жауапкер 200 АЕК (453 800 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Аталған сауда нүктесінің жұмысы тоқтатылды.