Олар біздің елімізге Тәжікстан азаматтарының жалған төлқұжаттарымен кірмек болған, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
13:16, 02 Қаңтар 2016
Астана әуежайында екі Ауғанстан азаматы жалған төлқұжаттармен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылдың 30 желтоқсаны күні сағат 04.37-де «Астана» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды Астана қаласының халықаралық әуежайында «Минск - Астана» бағытымен В2 775 әуе рейсімен ұшып келген жолаушылардың құжаттарын тексеру барысында Ауғанстан Ислам Республикасының 1982 жылы туған азаматын және 1990 жылы туған азаматшасын ұстады.