«Қауіпсіздіктің қосымша шараларын қамтамасыз ету мақсатында Астананың Халықаралық әуежайында жолаушылар терминалының кіреберісіне тексеру жабдығы орнатылды. Терминалға екі кірмеесік арқылы өтуге болады. Жолаушыларды тексеруді әуежай қызметкерлері тәулік бойы жүргізеді. Осыған байланысты жолаушылардың қосымша тексеру рәсімінен өтуге кететін уақытты ескере отырып, ертерек келуін сұраймыз», - делінген хабарламада.
Қауіпсіздіктің күшейтілген режимі ерекше өкімге дейін тұрақты түрде енгізілді.