Бұл туралы бүгін Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжанат Құштарова мәлім етті.
Г. Құштарованың айтуынша, ұсталған күдікті Қазақстан азаматы. Оның екі қол сөмкесінде табылған алтын бұйымдар 50 келі тартып отыр. Онда шамамен аса құнды зергерлік бұйымдардың 20 мыңнан астам атауы бар. Бұл елімізде бұрын-соңды болмаған контрабанда.
«Оның Қазақстандағы нарықтық бағасы 300 млн. теңгеден асады», - дейді ол.