«Құжаттар ішінара қолдан жасалған. Ұсталғандардың айтуынша, олар өмірлерін жақсарту үшін Ұлыбританияға өтпекші болған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде. Бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары мен өзара бірге жұмыс істейтін органдар өкілдері хабардар етілді.
10:20, 21 Тамыз 2017
Астана әуежайында сириялықтар жалған төлқұжатпен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Лондон авиарейсінде «Астана» шекаралық бақылау бөлімінің жасағы тексеруге Болгария азаматы төлқұжатын ұсынған Сирияның екі азаматын анықтады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі ҚР ҰҚҚ Шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.