Терроризге қарсы астаналық жедел штаб әуежай қызметтері және «Air Astana» АҚ-мен бірлесіп оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Жаттығудың мақсаты - ведомствоаралық ынтымақтастықты жетілдіру және көлік нысандарындағы лаңкестік әрекеттерді жедел анықтау үшін әуежай мен Астаналық жедел штабтың күшін біріктіру.
Оқу-жаттығулар түрлі нұсқаны қарастырады, әрі шынайы жағдайға барынша жақындатылған.
Шараны өткізу барысында әуежай маңында шектеу шаралары жүргізіледі.
Осыған байланысты, АЖШ әуежай қонақтарына оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға шақырды.